Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының 2023 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2023 жылға аудан бюджетінен 1887262,0 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 549847,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша  1337415,0 мың теңге қаржы қаралды. 2023 жылдың 1 сәуіріне  қаралғаны 260334,0 мың теңге, игерілгені 260281,1 мың теңге немесе 99,98%.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның орындалуы 

2023 жылдың 1 сәуіріне 1545 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, оның ішінде 1077 адам немесе 69,7% бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қаралған қаржы 198720,0 мың. теңге. Жоспар 144 адам.

2023 жылдың 1 сәуіріне комиссияға ұсынылған 136 жобаның 36-ы оң шешімін алды. Жаңа бизнес идеяларға іске асыруға арналған грант жіңімпаздарына 49,7 млн.теңге қаржы төленді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қаралған қаржы 33948.0 мың. теңге, жоспар- 42 адам. 2023 жылғы 1 сәуіріне 13 адам жолданып, 3уі тұрақты жұмыспен қамтылды. Игерілген қаржы 349,0 мың теңге.

Жастар тәжірибесіне қаралған қаржы 211102,0 мың.теңге, жоспар- 301 адам. 2023 жылдың 1 сәуірге 187 адам жастар тәжірибесіне жолданды. 2022 жылдан жалғастырушы 169 адам. Оның ішінде 43 адам аяқтап, 8 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 29808,0 мың. теңге қаржы игерілді.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына қаралған қаржы 671960,0 мың.теңге, жоспар 570 адам. 2023 жылдың 1 сәуіріне 809 адам жолданып, жоспар 142 пайызға орындалды. Қоғамдық жұмысты 47 адам аяқтап, 31 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 64089,0 мың.теңге қаржы игерілді.

Мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 999 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, 2023 жылдың 1 сәуіріне 114 адам (11,4%) жұмысқа орналасты.

Алғашқы жұмыс орындарына қаралған қаржы 60,858 мың. теңге, жоспар- 54 адам. 2023 жылдың 1 сәуіріне 15 адам қатысушысы болса, 12 адам 2022 жылдан жалғастырушы. Оның ішінде 5 адам аяқтап, 1-уі тұрақты жұмысқа орналасты, 2384,0 мың. теңге қаржы игерілді.

Ұрпақтар келісім шартына қаралған қаржы 3726,0 мың.теңге, жоспар - 20 адам.  2022 жылдан жалғастырушы  1адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Игерілген қаржы 207,0 мың теңге.

Күміс жас жобасына қаралған қаржы 19127,0 мың.теңге, жоспар - 22 адам. 2023 жылдың 1 сәуіріне 16 адам, 8 адам 2022 жылдан жалғастырушы. Бүгінгі күнге жобаны 4 адам аяқтап, 2-уі тұрақты жұмыспен қамтылды. Төленген қаржы 1453,0 мың теңге.

Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде қысқа мерзімді курстарға оқытуға қаралған қаржы 20712,0 мың. теңге, жоспар – 46 адам. Оқудың басталуы  2023 жылғы тамыз- қыркүйек айлары.

Дата публикации
17 апреля 2023
Дата обновления
17 апреля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы