
Атаулы әлеуметтік көмек: 2023 жылдың 1 тоқсанына 184 отбасының 1075 мүшесіне 29483,8 мың теңге тағайындалып, 183 отбасының 1068 мүшесіне 19546,4 мың теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 149 отбасының 274 баласына 4207,3 мың теңге тағайындалып, 148 отбасының 272 баласына 2789,3 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4523,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 18 отбасының 44 мүшесіне 527,1 мың теңге тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен берілетін әлеуметтік көмектер:
-мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысындағы 29 азаматқа 2408,5 мың теңге;
-Отан, Даңқ ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 39,3 мың теңге;
Жұмыссыздық деңгейі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы
2023 жылға 1928 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған (оның 723-і тұрақты, уақытшасы-1205). Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 891 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның 40-ы тұрақты, 851 –і уақытша.
МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2023 жылдың 1 сәуіріне 946 мүгедек тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-207.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 207 жеке оңалту бағдарламасы даярланды, 114-і немесе 55,1% орындалды. 2022 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 800-і орындалды.
2023 жылдың 1 сәуіріне 457 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 30-ы таяқпен, 9-ы балдақпен, 2-уі жетек арбамен, 20-ы кресло арбамен, 14-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 38-і тифлотехникалық құралдармен, 2-уі сурдотехникалық құралдармен, 4-уі протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
Есту кемістігі бар 5 мүгедекке 2 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 89 мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызмет көрсетуде.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2023 жылдың 1 сәуіріне 23 адам жолдамамен жіберілді. Оның ішінде 5-уі зейнеткер.
2023 жылдың 1 сәуіріне мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 5868,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 52 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 1526,6 мың теңге төленді.
Аудан бойынша 2023 жылдың 1 сәуіріне 80 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 56 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Есепті кезеңде бөлім бойынша 2023 жылғы 1 тоқсанына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 4821. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі бойынша 453 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді.