
Жалағаш ауданы бойынша 6880 отбасы саны бар. Оның 6536 немесе 95% OTAU TV Ұлттық цифрлық телехабар құрылғысымен ("Қазтелерадио"АҚ анықтамасына сәйкес) қамтылған.
2023 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 13 млн 976 мың теңге бөлінді.
2022 жылдан бастап медиа планның мемлекеттік сатып алу процедураларына облыстық ішкі саясат басқармасы жауапты. Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2023 жылдың басынан шыққан мақалалар саны- 190. Оның ішінде;
- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны-5;
- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны -181 ;
- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны-4.
Аудан жаңалықтары негізінен аудан әкімі аппаратының ресми сайтына, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілеріндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасына, республикалық сайттарға, облыстық «Qyzylorda» телеарнасына, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне және басылым сайттарына, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне және газет сайтына тұрақты түрде жарияланып келеді.
Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасауда.
Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).
Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ақпараттандыру бойынша 1 газет жұмыс жасайды. 2023 жылдың 25 наурызына «Жалагаш жаршысы» газетінің 3097 дана таралымы бар.
Аудандағы үкіметтік емес ұйымдармен 2023 жылдың І тоқсанда атқарылған жұмыста
Жалағаш ауданы бойынша әділет органдарында тіркелген 26 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде қоғамдық қор 12, қоғамдық бірлестіктер 14.
Олардың ішінде белсенді жұмыс жасап тұрғаны 6 қоғамдық бірлестік және 1 қоғамдық қор, атап айтқанда “Жалағаш ауданы ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Жалағаш ауданы жастарының “Темірқазық” қоғамдық бірлестігі, «Туған жерім, тірегім» қоғамдық бірлестігі , “Жалағаш Даму” қоғамдық қоры.
Бүгінгі күнге 14 қоғамдық бірлестіктің 11-і және 5 қоғамдық қор 2023 жылдың 31 наурызына дейін ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілді. 7 қоғамдық қор және 1 қоғамдық бірлестік жұмысын уақытша тоқтатқан.
2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген.
2023 жылдың І тоқсанында Жалағаш ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 25 іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 800-ге жуық аудан тұрғындары қатыстырылды.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының 2023 жылдың
І тоқсанына орындалуы туралы
2023 жылдың есепті мерізіміндегі жағдай бойынша Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 15 мешіт жұмыс атқаруда. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндектері қарастырылған.
2022 жылы (аудан әкімінің 2022 жылғы 14 ақпандағы №66 өкіммен) аудандық ақпараттық түсіндірме тобының жұмысын ілгерілету үшін аудан әкімдігі жанынан діни ақпараттық-түсіндіру тобы қайта жаңартылып, топ құрамына ауданға белгілі азаматтар, мемлекеттік атқарушы орган өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар, құқық қорғау орган өкілдері, белсенді жастар және мүдделі мемлекеттік орган басшылары енгізілді.
Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы дін саласындағы өзекті мәселелерді, экстремизм мен терроризмнің алдын алуда тұрғындармен, жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында тиісті жұмыстар жүргізуге септігін тигізіп келеді.
Жыл басынан бері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 36 шара өткізілді.
.