Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудан тұрғындарының назарына! Тұрғын үй салуға жер учаскелерін беру мен пайдалану туралы.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің талаптарына сәйкес тұрғын үй салуға жер учаскелерін беру төмендегідей тәртіппен жүргізіледі

Жер учаскесi орналасқан жер бойынша кенттің немесе ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке  алынады және тиісті инфрақұрылымдармен қамтылған бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттен алған жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Себебі жер заңнамаларына сәйкес тұрғын үй салу үшін мемлекеттен 0,1 га жер учаскесін бір рет тегін алған азаматқа осы мақсат үшін қайталап тегін жер беруге жол берілмейді.

Өздеріңізге белгілі, 2012 жылға дейін үй салу үшін жер учаскелері жеке меншікке беріліп келген болатын. Сол уақыттарда азаматтар жеке меншігіне алған жерлерді басқа тұлғаға сыйға беру, сату және тағы да басқа мәмілелер жасауға құқылы болды. 2012 жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіліп үй салу үшін жер учаскелері тек жалға берілетін болып бекітілді.   Яғни үй салуға жер учаскесі 3 жыл мерзімге жалға беріліп, құрылыс салынып қабылданғаннан соң ғана ол жер азаматтың жеке меншігіне өтеді.    Ал жалға берілген жерлерді басқа тұлғаға сыйға беруге немесе сатуға заңға сәйкес жол берілмейді және  3 жыл ішінде құрылыс салынбай өз мақсатына сай пайдаланылмаған  жер учаскелері мемлекетке қайтарылып алынатын болады.

Өздеріңізге белгілі, Жалағаш кенті, «Дәуімбай» учаскесінен 315 жер учаскесі үй салу үшін азаматтарға кезектілікке сәйкес 3 жыл мерзімге жалға берілген болатын. Зерттеу барысында берілген 315 жер учаскесінде салынған құрылыстар (үй, времянка, үйдің іргетасы) саны 18 ғана болып отыр.

Жоғарыда аталып өткендей тұрғын үй салу үшін 0,1 га жер учаскесі бір рет қана тегін берілетіндігін ескере отырып, азаматтардың жалға берілген жерлерді өз мақсатына сай пайдаланып тұрғын үй салуы қажет екендігін хабарлаймыз.

Қосымша анықтама алу үшін  Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3 ғимаратта орналасқан  «Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарласыңыздар.                                      

Тел 8(72431) 31-9-78.

   

Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі

Дата публикации
01 марта 2018
Дата обновления
01 марта 2018
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы