Лого

Меню

Страницы

Статья

Балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту туралы ақпарат

Қазіргі уақытта балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды.

Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында да осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығы толық сақталған.

Оған қоса, биылдан бастап балалы отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілді.

Олардың ең негізгілерінің бірі - ағымдағы жылғы 1 қаңтардан  бала күтімі үшін берілетін төлемнің мерзімі бала бір жарым жасқа толғанға  дейін ұзартылды.             Аталған норма жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де  ата-аналарға  қолданылады.             Сәйкесінше, бала күтімі бойынша жәрдемақы  жұмыс істейтін ата-аналарға  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, ал жұмыс істемейтіндер ата-аналарға бюджеттен төленеді.            Бұл ретте, ата-ананың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем  мөлшері соғұрлым жоғары болады.

Аталған төлем мөлшері  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына соңғы екі жылдағы аударымдар жүргізілген  орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды.

Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып белгіленеді.

01.01.23ж. бастап бала күтіміне байланысты жәрдемақы тууы кезектілігіне байланысты бірінші балаға -19872 теңге (5,76 АЕК, 2023ж. АЕК мөлшері 3450 теңге), екінші балаға - 23495 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға - 27083 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан да көп бала туылғанда- 30705 теңге (8,90 АЕК)  мөлшерінде төленеді. 

Қызылорда облысы бойынша республикалық бюджеттен бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі үшін мемлекеттік жәрдемақыны алатын  жұмыс істемейтін ата-аналардың саны-3906, ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осы күтім үшін әлеуметтік төлем алатын жұмыс істейтін ата-аналардың саны-15829 құрайды.

Сонымен қатар, бала күтімімен айналысатын ата-аналарға орташа айлық табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қарастырылған.

Яғни, ата-ана  баласы бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

Ай сайынғы бюджеттік субсидиялардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерінен есептелген  міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарнасы сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

       2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджеттік субсидия алушылар болып табылатын тұлғаларға, жоғарыда көрсетілген субсидия тағайындалған кезең бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сай ұзартылды.

 

 

 

Еңбек және әлеуметтік қорғау

Комитетінің Қызылорда облысы          

бойынша департаменті

Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы