Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы бөлімінің 2021 жылы IV тоқсанда атқарған жұмыстары туралы

Ауыл шаруашылығы бөлімінің 2022 жылы 12 айда атқарған жұмыстары туралы

Егін науқанының барысы туралы

Ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес биылғы жылы 35486,5 гектарға егiс орналастырылып, күтімге алынды.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш - 18501 га, бидай-720 га, қант құмайы – 73 га, арпа – 42 га, соя-39 га, мақсары - 520 га, сүрлемдік жүгері-445 га, сұлы - 5 га, қант қызылшасы - 2,5 га, жаңа жоңышқа - 4903 га, ескі жоңышқа - 7186 га, картоп - 646 га, көкөніс - 1108 га және бақша өнімдері - 1296 га.

 

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

Айырмасы

  2022 жыл

2021 жыл

1

Күріш

18501

19800

-1299

2

Жаздық бидай

720

600

+120

3

Күздік бидай

-

90

-90

4

Арпа

42

30

+12

5

Сүрлемдік жүгері

445

147

+298

6

Мақсары

520

2200

-1680

7

Қант құмайы

73

-

+73

8

Соя

39

-

+39

9

Сұлы

5

-

+5

10

Жаңа жоңышқа

4903

3960

+943

11

Ескі жоңышқа

7186

6800

+386

12

Қант қызылшасы

2,5

 

+2,5

13

Картоп

646

500

+146

14

Көкөніс

1108

1000

+108

15

Бақша

1296

1200

+96

Барлығы

35486,5

   36327

- 840,5

Биылғы жылы 194 шаруашылық егін орналастыру жұмыстарын жүргізсе, оның ішінде күріш дақылын орналастырған шаруашылықтар саны 137.

Егін орналастыруға қажетті 4625 тн күріш, 136 тонна жаздық бидай, 7,5 тн арпа, 20 тонна жүгері, 13 тонна мақсары, 183 тн қант құмайы, 4,3 тн соя, 1 тн сұлы, 73 тонна жоңышқа тұқымдары дайындалды.

Дайындалған 4625 тонна күріш тұқымының 4234 тоннасы «Лидер», 168 тоннасы «Янтарь», 160 тоннасы «Маршал», 30 тоннасы «Виконт», 20 тоннасы «Премиум», 7 тоннасы «Рапан», 6 тоннасы «Сыр сұлуы» сорттары.

Анықтама үшін. 18501 гектар күріш дақылының 16936 гектары Лидер, 672 гектары Янтарь, 639 гектары Маршал, 117 гектары Виконт, 82 гектары Премиум, 30 гектары Рапан, 25 гектары Сыр сұлуы сорттары.

Ағымдағы жылдың егісіне қажетті 11022 тонна минералдық тыңайтқыштар (аммоний сульфаты 6630 тн, карбамид 2142 тн, аммофос 2250 тн) мен 21985 литр гербицид (гулливер 535 кг, топшот 2700 литр, солито 1200 литр, рейнбоу 15560 литр, номини 1900 литр) егістікке себілді.

Су тапшылығының алдын алу мақсатында негізгі дақыл күріш көлемі өткен жылдан 1299 гектарға аз орналастырылып, тиісінше мал азықтық жоңышқа дақылы 1329 гектарға, жүгері 298 гектарға, бидай 30 гектарға, арпа 12 гектарға артық орналастырылды.

Сондай-ақ, әртараптандыру бағытында алғаш рет 73 гектар қант құмайы, 39 гектар соя, 5 гектар сұлы, 2,5 гектар қант қызылшасы дақылдары орналастырылды.

Егін орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін шаруашылықтардың инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротация) схемасын сақтағандығын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Мираж» ШҚ, «Бағдаулет» ШҚ, «Агросервис Қызылорда» ЖШС, «Фарида» ШҚ, «Сапа» ШҚ, «Нұржан-Ж» ШҚ, «AB AGRO ORDA» ЖШС, «Шапет» ШҚ, «Тюрешова» шаруа қожалықтары ротация сақтамағандығы анықталып, облыстық жер ресурстарын пайдалану департаментіне ұсынылды. Департамент бірқатар шаруашылықтарға ескерту шараларын қолданды.

  Күзгі егін жинау және дала жұмыстарына мемлекет тарапынан 2596 тонна дизель отыны бөлінді. Шаруашылық басшыларының ұсыныстарына сәйкес «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС және «РК-Мұнай» ЖШС  дизель отынын жеткізіп беруші оператор ретінде таңдалды.

Күзгі егін жинау жұмыстарына бөлінген дизель жанармайының 1618 тоннасын «РК-Мұнай» ЖШС, 978 тоннасын «Нефть Транс Қызылорда» ЖШС шаруашылықтарғы 1 литрін 210 теңгеден жеткізіп берді./2021 жылы күзгі егін жинау жұмыстарына 177 теңгеден жеткізіп берді/

Күзгі егін жинау жұмыстарына 1098 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Оның ішінде 491 трактор, 271 комбайн, 118 жатка, 56 жүк көлігі, 162 трактор тіркемелері бар.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, ағымдағы жылы 713,8 млн. теңге қаржыға 48 дана жаңа техника сатып алынды. Жаңадан алынған техникалар уақытылы статистика органдарына тіркелуде.

Егін жинау барысында 18501 га күріштің әр гектарынан 55,8 центнерден өнім алынып, барлығы 1032356 центнер өнім жиналды. /2021 жылы 19800 га күріш дақылы орналастырылып 1140480 центнер өнім жиналды, орта өнім 57,6 ц/га.

Сондай-ақ, 732 гектар бидайдан 5519 центнер (орта өнім 1 га 7,5 цн, 2021 жылы орта өнім 7,0 ц/га);

42 гектар арпадан 293 центнер (орта өнім 1 га 6,9 цн, 2021 жылы орта өнім 6,5 ц/га);

5 гектар сұлыдан 63 центнер (орта өнім 1 га 12,6 цн, 2021 жылы сұлы жоқ);

73 гектар қант құмайынан 2791 центнер (орта өнім 1 га 38,2 цн, 2021 жылы қант құмайы жоқ);

520 гектар мақсарыдан 4578 центнер  (орта өнім 1 га 8,8 цн, 2021 жылы 8,3 ц/га);

445 гектар жүгеріден 62478 центнер (орта өнім 1 га 140,4 цн, 2021 жылы 140,2 ц/га);

39 гектар соядан 663 центнер (орта өнім 1 га 17,0 цн, 2021 жылы соя егілген жоқ);

4903 гектар жаңа жоңышқадан 58346 центнер (орта өнім 1 га 11,9 цн, 2021 жылы орта өнім 12,4 ц/га);

7186 гектар ескі жоңышқадан 423228 центнер (орта өнім 1 га 58,9 ц/га, 2021 жылы орта өнім 49,3 ц/га);

648 гектар картоптан 75103 центнер (орта өнім 1 га 115,9 цн, 2021 жылы орта өнім 110,4 ц/га);

1111,3 гектар көкөністен 189699 центнер (орта өнім 1 га 170,7 цн, 2021 жылы 170,5 ц/га);

1324 гектар бақшадан 277304 центнер (орта өнім 1 га 214,3 цн, 2021 жылы орта өнім 213,2 ц/га);

2023 жылға егінге дайындық жұмыстары туралы (жоспар)

Ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 2023 жылы 37052 гектарға егiс орналастыру жоспарлануда.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш - 19800 га, бидай-750 га, қант құмайы – 70 га, арпа – 70 га, соя-35 га, мақсары - 520 га, сүрлемдік жүгері-700 га, сұлы - 5 га, қант қызылшасы - 2 га, жаңа жоңышқа - 4850 га, ескі жоңышқа - 7200 га, картоп - 646 га, көкөніс - 1108 га және бақша өнімдері - 1296 га.

                                                                                                        №7 кесте

Р/с

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

Айырмасы

2023 жыл

2022 жыл

1

Күріш

19800

18501

+1299

2

Жаздық бидай

750

720

+30

3

Арпа

70

42

+28

4

Сүрлемдік жүгері

700

445

+255

5

Мақсары

520

520

0

6

Қант құмайы

70

73

-3

7

Соя

35

39

-4

8

Сұлы

5

5

0

9

Жаңа жоңышқа

4850

4903

-53

10

Ескі жоңышқа

7200

7186

+14

11

Қант қызылшасы

2

2,5

-0,5

12

Картоп

646

646

0

13

Көкөніс

1108

1108

0

14

Бақша

1296

1296

0

Барлығы

37052

35486,5

+1565,5

Мал шаруашылығы туралы 

Аудан көлемінде барлығы 37948 бас мүйізді ірі қара, 42282 бас  уақ мал,  20291 жылқы,  733 бас түйе,  118 бас шошқа, 10471 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 104,1 %, жылқы 139,2 %, түйе 102,5 %, уақ мал 100,5% , құс 102,7% орындалды.

2022 жылдың 1 желтоқсанына барлығы  3523,8 тн (тірілей салмақта) ет,  10321,3 тн сүт, 211,8 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,4 пайызға, сүт 101,5 пайызға, жұмыртқа 100,6 пайызға орындалды.

Аудан бойынша 136 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 116 шаруашылық айналысады.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2,0 пайызға жетті.

Аудан бойынша 3 шаруашылық (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ) асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен,1 шаруашылық асыл тұқымды қалмақ сиырын өсірумен (Еркебұлан ФҚ),  2 шаруашылық  (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ)  асыл тұқымды қой малын өсірумен айналысуда. Адал ЖК осы жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алды.

«АгроЛидер  Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу  цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне   0,5   тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік бағаларын ұстап тұруға

бағытталған шаралар туралы

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің 15 түрі  қымбаттаған. Атап айтқанда ақ күріш-135 теңгеге, ұн-32 теңгеге, қарақұмық жармасы-5 теңгеге, рожки-165 теңгеге, сиыр еті-100 тг, тауық еті-325 теңгеге, сүт-278 теңгеге, айран-185 теңгеге, ірімшік-850 теңгеге, жұмыртқа-120 теңгеге, сары май-123 теңгеге, күнбағыс майы-33  теңгеге, жуа-80 теңгеге, қант-150 теңгеге, тұз-10 теңгеге. 3 өнімнің бағасы арзандады (қырыққабат-120 теңгеге, сәбіз-35 теңгеге, картоп-50 теңгеге.1 өнімнің бағасы тұрақты (нан).

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 628,3 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар. Оның ішінде ұн-118 тн, күріш-90 тн, қант-68 тн, макарон-114 тн, күнбағыс майы-49 тн, тұз-39 тн, жуа-28 тн, картоп-48 тн, сәбіз-19 тн  және т.б.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауының себебі азық-түлік өнімдері негізінен басқа облыстардан (Қостанай, Петропавл, Түркістан, Шымкент) қымбат бағада келуінен болып отыр.

Аудандағы «Ақниет» көтерме сауда орны нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен 68 тн ұн алып аудандағы нан өнімдерін дайындайтын кәсіпкерлерге (наубайханаларға) босатуда (1 сортты Роял ұны 1 килограмы 140 теңге, 50 кг 7000 теңге).

«Азық-түлік келісім шарт» корпорациясы аудандағы азық-түлік тауарларын сататын ірі және шағын дүкен иелеріне келісім-шартқа сәйкес төменгі бағада қант сататындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осыған сәйкес, қант өнімін алуға «Ақниет» (64тн) және «Бағдат» (5тн) дүкендері қызығушылық танытып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсынылып «Ақниет» сауда дүкені 64 тн қант өнімін алып арзан бағада 1 кг 490 теңгеден аудан тұрғындарына сатып отыр. 

Сонымен қатар, «Ақниет-2» көтерме сауда дүкені әлеуметтік бұрыш ашу жөнінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен меморандумға отырды. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрыш ашылды базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада аудан тұрғындарына ұсынылып жатыр. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрышта күріш 175 теңге, қант 480 теңгеден сатылуда.                                         Облыс әкімінің орынбасары Қожаниязовтың тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-дан арзан бағада азық-түлік өнімін алуға аудандағы кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде кәсіпкер С.Баймағанбетова (Ип Қаракөз) арзан бағада азық-түлік өнімін алуға қызығушылық білдірген. Алайда «Байқоңыр» ӘКК» АҚ  аталған азық-түлік өнімдерін сатпай көкөніс өнімдерін алуға ұсыныс білдірген. Нәтижесінде азық-түлік өнімдерін алалмай қайтты.

  Кент тұрғындарынан (Қ.Жұбатыров, Ж.Алиакбарова, Қ.Батырхан.) азық-түлік бағаларын негізсіз көтермелеп отырған үй жанынан ашылған 3 дүкенге (Сағымбай Ата, Ұлжан, Айнұр) шағым түсірді. Азық-түлік өнімдерін сататын аудандағы ірі және шағын сауда орталықтарына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қымбаттаған азық-түлік тауарлары анықталып Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне ұсынылды.

 Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында 2 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке кезінде азық-түлік өнімдері 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда. Сонымен қатар, Мақпалкөл ауылдық округіндегі Ер-Әлі шаруа қожалығы аудан орталығында 3 мәрте картоп (120 тг), сәбіз (125 тг) өнімдерін аудан тұрғындарына төменгі бағада сатуда.

Алдағы уақытта азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.

Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына 2020 жылдың қаңтар айында өзгеріс енгізіліп, “Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені, кент және ауылдық округ әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде тұрғын үйге және біржолғы көтерме жәрдемақығы” құжаттарды тапсыру  Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы арқылы және «Еgov.kz» сайты арқылы жүргізілуде. Мамандардың Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына және «Еgov.kz» сайтына  тапсырған өтініштері заңдылыққа сай қабылданып, аудан әкімінің қаулысына сәйкес кезекке қойылып, реттілігімен берілуде.

 Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі 1500 АЕК (1500 АЕК-4594500 тг) құраса, көтерме жәрдемақы 100 АЕК (100АЕК-3063 тг) құрап отыр. (1 АЕК-3063 тг, АЕК-айлық есептік көрсеткіш)

Жалағаш ауданы бойынша 2010-2021 жылдар аралығында 931  маманға тұрғын үй несиесін алуға,  2 790 496,0 мың теңге қаржы берілген.

2009-2021 жылдары аралығында көтерме жәрдемақы  642 маманға 93 627 мың теңге берілді.

Биылғы жылы 72 маманға 22 202,0 мың теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.

Тұрғын үй несиесін алуға 42 маманға 192 969,0 мың теңге берілді.

 

Дата публикации
13 января 2023
Дата обновления
13 января 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы