2023 жылғы 29 қаңтарға тағайындалған Жаңадария ауылдық округ әкімінің сайлауда кандидаттарды тіркеу туралы хабар
Жаңадария ауылдық округінің әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылған, барлығы өзін-өзі ұсыну жолымен.
Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылғандар.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.
Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті баспасөз БАҚ–нда және АСК интернет-парақшаларында орналастырылған:
Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.