
Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 123,5 шақырым барлығы 234,1 шақырым автомобиль жолдары бар.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 115 шақырымы немесе 93,1% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 8,5 шақырымы немесе 6,9% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Үстіміздегі жылы жалпы жоба құны 196,5 млн. теңге құрайтын Бұқарбай батыр ауылына кіре беріс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 98,3 млн. теңге, ҚР Ұлттық қорынан 98,2 млн теңге қаралып, 6,33 шақырым жолға асфальт төселді. Жөндеу жұмыстар толығымен аяқталды. (Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС).
Сонымен қатар,
Ақсу елді мекеніне кіре беріс (2,3 шқ) аудандық маңызы бар автомобиль жолының 76,7 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын,
Жаңадария елді мекеніне кіре беріс (17,1 шқ) аудандық маңызы бар автомобиль жолының 392,1 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын,
Аққыр елді мекеніне кіре беріс (20,6 шқ) аудандық маңызы бар автомобиль жолының 664,8 млн. теңге құрайтын күрделі жөндеу жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылған болатын. Осы жобалар ішінен Жаңадария елді мекеніне кіре беріс (17,1 шқ) аудандық маңызы бар автомобиль жолының 392,1 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жұмыстарын бастау үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 122,4 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС. 2023 жылы жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.
Аудан бойынша ұзындығы 232,4 шақырым 218 көше бар. Оның ішінде Жалағаш кентінде 75 көше ұзындығы 88,8 шақырым, ауылдық елді мекендерде 143 көше ұзындығы 143,5 шақырым.
Биылғы жылы, «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 351,3 млн теңге есебінен төмендегі жұмыстар жүргізілді. Мырзабай ахун ауылындағы 2 көшені күрделі жөндеуге 131,5 млн теңге қаралып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды. (жалпы құны 138,6 млн. теңге ұзындығы 3,88 шқ). Мердігер мекеме: «Строй модуль Астана» ЖШС;
Еңбек ауылындағы 3 көшені күрделі жөндеуге 110,6 млн теңге қаралды. Бүгінгі күнге 3 көшенің жұмыстары аяқталды (жалпы құны 116,5 млн. теңге, ұзындығы 3,71 шқ). Мердігер мекеме: «Құрылыс-Көлік Компаниясы» ЖШС;
Шаменов ауылындағы 9 көшені орташа жөндеуге 113,5 млн теңге қаралды. Барлық 9 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды. (жалпы құны 121,7 млн. теңге, ұзындығы 3,74 шқ). Мердігер мекеме: «Компания Бауыржан Құрылыс» ЖШС.
Сондай - ақ, облыстық бюджеттен 72,0 млн теңге қаржы бөлінді.
Бөлінген қаржы есебінен Аққыр ауылындағы 1 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (жалпы құны 31,2 млн. теңге, ұзындығы 0,96 шқ). Мердігер мекеме: «Құрылыс-Көлік Компаниясы» ЖШС;
Сонымен қатар, Жаңадария ауылындағы 1 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді (жалпы құны 41,0 млн. теңге, ұзындығы 1,2 шқ) . Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС.
2021 жылы Есет батыр ауылы бағытындағы оңтүстік коллектор көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын бастау үшін ұлттық қордан 59,7 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. (жоба құны 149,5 млн. теңге).
2022 жылы көпірді жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау үшін облыстық бюджеттен 74,7 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күнге қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталып, көпір пайдалануға берілді.
2021 жылы Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 9,2 млн теңге бөлінген болатын. Жобалаушы мекеме «Прикаспийское управление строительства Шымкент» жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 21.09.2022 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 545,250 млн теңгені құрады. Жобаны бюджеттен қаржыландыру үшін 04.10.2022 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
М.Шаменов елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамаыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін 2022 жылы аудандық бюджеттен 7,6 млн теңге қаржы қаралды. Жобалау мекеме «Жамбылагрогазпроект» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 06.12.2022 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 684,0 млн теңгені құрайды. Жобаны бюджеттен қаржыландыру үшін 13.12.2022 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
2022 жылы Жалағаш кентіндегі бірқатар бюджеттік, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін әзірленген жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес газ отынына көшіруге бюджеттен қаржы қаралды. Мердігер мекемелермен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, нысандар орталықтандырылған газ желісіне қосылды.
Атап айтқанда:
1) Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің (жоба құны 23,3 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен 23,2 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме «Теплоэнергострой» ЖШС.
2) Мәдениет және өнерді дамыту орталығы мекемесінің (жоба құны 27,3 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен 27,3 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме «Теплоэнергострой» ЖШС.
3) Аудандық қаржы бөлімінің (жоба құны 29,6 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен 29,6 млн теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме «Azia Stroy KZ» ЖШС.
4) «Күншуақ», «Ақмаржан» балабақшалары, №19 санаториялық балабақшаның (жоба құны 55,5 млн теңге) жылу жүйелерін газ отынына көшіруге ҚР Ұлттық қорынан 49,9 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Azia Stroy KZ» ЖШС.
Сонымен қатар, 2022 жылы бюджеттік мекемелердің қазандықтарын газ отынына бейімдеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлетуге жергілікті бюджеттен 7,8 млн теңге қаржы бөлінді. Жобалаушы мекеме «Санжар проект» ЖШС-мен бөлінген қаржы есебінен 4 нысанның («Наркескен» спорт клубы, Аудандық жұмыспен қамту, ӘБ және АХАТ бөлімі, Жалағаш кентінің әкімдігі, аудандық кітапхана) жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 18.11.2022 жылы сараптама қорытындылары алынды. Жалпы жоба құны 54,2 млн теңгені құрайды. Жобаларды бюджеттен қаржыландыру үшін 30.11.2022 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жалағаш ауданы, М.Шаменов ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстарына (жоба құны 17,198 млн теңге) биылғы жылы облыстық бюджеттен 17,198 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Пульс» ЖШС-мен жұмыстар толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
жөндеу жұмыстары бойынша
2022 жылы республикалық бюджеттен Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерді (Қазыбек би көшесі №38, 50, Желтоқсан көшесі №2, М.Шаменов көшесі №76, 78) күрделі жөндеу жұмыстарына 36,037 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күнге мердігер мекеме «Жалағаш сервис» ЖШС-мен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бөлім басшысы Ө. Елеусінов