
Статистика
Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7974 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрайды.
Қаржыландыру
2022 жылы Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн 406 мың теңге бөлінді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 4 млн 525 мың теңгеге 3 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
1) «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба сомасы – 875 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Шабыт» қоғамдық қоры. «Шабыт» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен аудан орталығында халық көп шоғырланған орындарда арнайы сала мамандарының қатысуымен кеңес беру шаралары, NEET санатындағы жастарды қоғамдық ортаға тарту мақсатында ауылдық округтерде аймақтық спорттық сайыстар, жастар және жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу үшін түнгі рейд жұмыстары, нашақорлықтың зардаптары туралы жоғары сынып оқушылары арасында видеороликтер байқаулары, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында сұхбаттар жүргізілді.
2) «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі». Жоба сомасы – 1 540 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры. «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен жастар арасында әскери спорттық сайыстар, аудандық жайдарман ойындары, психологиялық семинарлар, ерікті жастар қозғалысын дамыту, жастар арасында мерекелік шараларды атап өту жұмыстары жүргізілді.
3) «Жастар форумы және жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба сомасы – 1 390 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым – Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі. Қазан айында өз саласының үздіктерін анықтау үшін байқау жариялап, арнайы құрылған комиссия 10 номинация бойынша байқауға қатысып іріктелген жастарды аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығымен марапатталды. Бір реттік сыйақы мөлшері - 100 000 теңге.
Жастар ресурстық орталығы туралы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда штат саны - 7. Директор - 1, бөлім басшысы - 1, аға кеңесші -1, кеңесші - 4.
Аудандық жастар ресурстық орталығы қазіргі таңда мәдениет және өнерді дамыту орталығының ғимаратында орналасқан. Жастар ресурстық орталығы 2017 жылдан бері ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуда.
2022 жылдың қорытындысы бойынша жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 120 шара өткізіліп, оған 5000- ға жуық жас қатыстырылған. (Кездесу, Акция, Семинар-тренинг – 50, Мерекелік шаралар – 20, Түнгі рейд – 8, Қайырымдылық шаралары - 6, Діни бағыттарға байланысты шаралар – 3, Спорттық шаралар – 12, Ерікті жастармен жұмыс – 21). Кеңеспен қамтылған жастар саны – 530.
Аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жастар кеші», аудандық жайдарман лигасы, жастарға ауылдың құндылықтарын насихаттау үшін «Еңбек» лагері, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашық ақпарат көздерінен кинолар және спорттық сайыстардың тікелей көрсетілімдері дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді.
2022 жылдың ақпан айында аудан көлемінде NEET санатындағы жастарды анықтау мақсатында адрестік жұмыстар жүргізіліп, сауалнама алынған болатын. Сауалнамаға 15-28 жас аралығында 4915 жас 67,8% қатысты, соның ішінде 412 жас 5,6% NEET санатындағы жастар екені анықталды. NEET санатындағы жастармен жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша:
21 жас - студент
67 жас - ақылы қоғамдық жұмыста
27 жас - мүмкіндігі шектеулі жастар
69 жас - тұрақты жұмыс орнында
75 жас - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
19 жас - жеке кәсіпкер
38 жас - жастар тәжірибесі
44 жас - бала күтімінде
17 жас - көшіп кеткендер
1 жас - әскерде
23 жас - үй шаруасы
10 жас - жұмыссыз
1 жас - «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы
Осы санаттағы жастарды жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікке тарту үшін тиісті жұмыстар жасалып келеді, жыл соңына дейін NEET санатындағы жастарды толық мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына жұмыстар жүргізілетін болады.
Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетіп келеді. Оған дәлел бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы, 3 спорттық үйірме, 2 көшеге қоқыс жәшіктерін, ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және 1 отбасыға баспана табыстады. 2022 жылда еріктілер 6 млн 135 мың теңге қаржыны құрайтын 16 жоба жеңіп алды.
(«Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында 2020 жылы 14 жоба 5 млн.тг, 2021 жылы 6 жоба 5,5 млн тг грант жүзеге асырылды. Соңғы 3 жылдың ішінде республикалық шағын гранттар байқауына қатысу арқылы 16 635 000 теңге инвестиция тартты.)
Жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар
2022 жылда жастар арасында жұмысқа орналасу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына 1515 жас жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болса, оның 905-і немесе 60 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды (әлеуметтік жұмыс орны-7, жастар практикасы-201, қоғамдық жұмыс-220, ұрпақтар келісімі-4, алғашқы жұмыс орны-16, мемлекеттік грант- 162 адам, қысқа мерзімді оқу-5 адам, мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмыс - 290). Жасыл ел еңбек жасағына аудан бойынша жұмысқа тартылған жастар саны – 220.
Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы
Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі 1500 АЕК (1500 АЕК-4594500 тг) құраса, көтерме жәрдемақы 100 АЕК (100АЕК-3063 тг) құрап отыр.
(1 АЕК-3063 тг, АЕК-айлық есептік көрсеткіш)
Жалағаш ауданы бойынша 2010-2021 жылдар аралығында 931 маманға тұрғын үй несиесін алуға, 2 790 496,0 мың теңге қаржы берілген.
2009-2021 жылдары аралығында көтерме жәрдемақы 642 маманға 93 627 мың теңге берілді.
Биылғы жылы 72 маманға 22 202,0 мың теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.
Тұрғын үй несиесін алуға 42 маманға 192 969,0 мың теңге беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі бойынша 82 маман кезекке қойылған, оның ішінде 2021 жылы құжат тапсырғандары 36 маман, 2022 жылы құжат тапсырғандары 46 маман. Көтерме жәрдемақы бойынша барлық кезекте тұрғандар саны 276 маман.
Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі
Жастармен жасалған қылмыс саны - 9, отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқықбұзушылықтар саны – 0, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны - 4. Жастар және жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстардың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімімен бірлескен жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.
Жастар арасындағы діни ахуал
Аудан жастары арасында жергілікті мешіттерге баратын радикалды ағым жетегінде жүрген жастар жоқ. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы Жалағаш ауданында жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатындағы акцияларды тұрақты түрде өткізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр.
Білім саласы бойынша
Жалағаш ауданы бойынша 2022 жылы мектеп бітірген түлектер саны-358. Олардың 323-і ҰБТ–ға қатысып, жалпы көрсеткіш 82,1 пайызды құрады. Жалпы бітірушілердің 316-ы ЖОО түссе, 41-і АОО түсті. Аудан оқушылары облыстық, республикалық ғылыми жобалар конкурсынан жүлделі орындар иеленіп келеді. Өткен оқу жылында жалпы ғылыми жоба конкурсына 343 оқушы қатысып, 157 оқушы жүлделі орындар иеленді. Облыстық кезеңнен 12 оқушы жүлделі орындар иеленсе, республикалық кезеңнен 3 оқушы жүлдегер атанды.
Жастардың спортпен шұғылдануы және бос уақытын тиімді ұйымдастыру
2022 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 156 спорттық материалдық техникалық база тіркелген. Оның ішінде 1 стадион (1500 орындық),1 жабық бассейн, 29 спорт зал, 95 жазық алаң, олар: 1 спорттық ядро, 87 спорттық алаңдар, 7 футбол алаңы, 9 ату тирі, 14 ыңғайластырылған спорт бөлмесі бар.
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында №13 олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі, №14 балалар жасөспірімдер спорт мектебі және «Наркескен» спорт клубы жұмыс жасап келеді.
Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда аудандық «Наркескен» спорт клубының 18 спорт нұсқаушылары кентте (үшеу) 14 елді мекенде (он бес) 3240 адам спортпен шұғылдандыруда, яғни жалпы тұрғындардың тұрақты спортпен шұғылданушылар үлесінің 9,1 пайызын нұсқаушылардың спортқа тартқанадамдары болып табылады.
Бүгінгі таңда 13 500 мыңға жуық аудан тұрғындары бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл жалпы тұрғындардың 38 пайызын құрайды. 2022 жылда барлығы 107 спорттық іс-шара өткізіліп, бұл шараларға 14 221 тұрғындар тартылды.
Жыл қорытындысымен спортшыларымыз Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарынан 13 алтын,10 күміс, 8 қола медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарынан 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальдарға қол жеткізді. Сонымен қатар 5 спортшы «Спорт шебері», 49 спортшы «Спорт шеберіне үміткер» нормативін орындады.
Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
2022 жылға аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жастарға қатысты 30 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерге (facebook. Vk. Instagram.) 500-ге жуық ақпарат және 100-ге жуық бейнероликтер әзірленіп, жарияланған.