Лого

Меню

Страницы

Статья

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссияларының назарына

Жалағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының  Конституциялық Заңына және облыстық сайлау комиссиясының «Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мүшесін міндетінен босату» туралы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №ОСК-193/443 қаулысына сәйкес (Мекен-жайы: Жалағаш кенті, желтоқсан к-сі № 28, Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты), аудандық сайлау комиссиясы құрамынан шығып  қалған  мүшесінің  орнына  сайлау  өтетіндігін  хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, сайлау комиссиясына өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша мәслихат сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2022 жылғы  29 желтоқсан  мен 2023 жылғы 12 қаңтар  аралығында  мәслихатқа  келесі  құжаттарды  тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash?lang=kk сайтының “Сайлау” атты парақшасында орналастырылған. Көру, көшіріп алу : prilozhenie kaz  .rar  (55,0 кб).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.

 

Жалағаш аудандық мәслихаты

Жалағаш аудандық мәслихаттың хатшысы- Г.Курманбаева.

Мәслихаттың орналасқан жері Жалағаш кенті, Әйтеке би, 14 үй.

Жауапты маман –Досмагамбетов Рустем Тулебаевич, каб. н/с, 2 қабатта, байланыс телефоны (872431)32389, ұялы телефоны 8-777-680-34-50.

Дата публикации
29 декабря 2022
Дата обновления
29 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы