Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы хабарлама

Жалағаш аудандық мәслихаты  «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 және 15 баптарына сәйкес мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы хабарлайды. Округтік сайлау комиссияларының саны 12 комиссия және әр комиссия 5 адамнан қалыптастырылады.     

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.    

            Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2023 жылдың                   01 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:   

1) белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;  

4) кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

5) Соттылығы жоқ туралы анықтама;

6) Психикалық, наркологиялық және туберкулез диспансерінде тіркеуде жоқ туралы  анықтама.  

Округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері аудандық мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash?lang=kk сайтында орналастырылған. 

Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы                     01 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

Мәслихаттың орналасқан жері: Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, 14 үй

Жауапты адам – ​​ Досмагамбетов Рустем Тулебаевич, каб. н/с, 2 қабатта, байланыс телефоны (872431)32389, ұялы телефоны 8-777-680-34-50. Электрондық пошта мекенжайы  g.tasybaev@zhalmaslihat.gov.kz

 

 

Жалағаш аудандық мәслихаты

Дата публикации
29 декабря 2022
Дата обновления
29 декабря 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы