Лого

Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлер назарына!

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында биылғы жылдан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің реестрі жүргізілуде.

Реестрді жүргізу үшін Үкіметпен арнайы қағида қабылданған. Қағидаға сәйкес бұл электрондық дерекқорға ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 4 санатта енгізіледі. Атап айтқанда:

Бірінші санатқа – халықтың әлеуметтік осал санаттарын жұмыспен қамту мәселелерін шешетін кәсіпкерлер (олардың кәсіпорындарындағы осы санаттағы қызметкерлердің үлесінің жалпы санының кемінде 51%-н құрауы тиіс);

Екінші санатқа – халықтың әлеуметтік осал топтарындағы кәсіпкерлер;

Үшінші санатқа – халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсететін немесе оларға арнап тауарлар өндіретін кәсіпкерлер;

Төртінші санатқа – экология, білім, мәдениет, өнер және т.б. мәселелерін шешумен айналысатын кәсіпкерлер жатқызылады.

Реестрге енгізілген кәсіпкерлерге қаржылық, мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және ақпараттық қолдау, салықтық жеңілдіктер секілді мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000773 сілтемесі арқылы және Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (Мекенжайы: Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3) арқылы алуға болады.

Дата публикации
22 ноября 2022
Дата обновления
22 ноября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы