2026 жылғы 3 мамырға тағайындалған Жалағаш ауданының Жалағаш кенті әкімін сайлауда әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасы мен 113-5-бабының 1, 6, 8, 9, 10 тармақтарына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жапбасбаев Қайрат Ғалиұлы, Идрисов Дархан Балғабайұлы, Калиянов Бауыржан Тобаевич Жалағаш кенті әкіміне кандидаттар ретінде тіркелсін.
  2. Жалағаш кенті әкіміне кандидаттарына тиісті кандидаттар куәлігі берілсін.
  3. Жалағаш кенті әкіміне кандидаттар ретінде тіркелгендері туралы хабар Жалағаш әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                                           Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау  комиссиясының хатшысы                                          Д.Қожақұлова

 

АСК-94

10 сәуір 2026 жыл

Дата публикации
10 апреля 2026