«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасы мен 113-5-бабының 1, 6, 8, 9, 10 тармақтарына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Адамбаев Әбдімәлік Төребекұлы, Жұматаева Ақалтын Бақырадинқызы, Тоғызбаев Мардан Марсбекұлы Мақпалкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелсін.
- Мақпалкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарына тиісті кандидаттар куәлігі берілсін.
- Мақпалкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелгендері туралы хабар Жалағаш әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК-93
10 сәуір 2026 жыл