Жалағаш ауданының Жалағаш кенті әкіміне кандидат Идрисов Дархан Балғабайұлының қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мен Жалағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 9 актісін негізге алып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

1.2026 жылғы 3 мамырға тағайындалған Жалағаш ауданының Жалағаш кенті әкімінің сайлауында Жалағаш кенті әкіміне кандидат Идрисов Дархан Балғабайұлының Жалағаш кентіндегі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.

2.Жалағаш кенті әкіміне кандидат Идрисов Дархан Балғабайұлының қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.

3.Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                   Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                  Д.Қожақұлова

 

             

АСК-91

 9 сәуір 2026 жыл

Дата публикации
09 апреля 2026