«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабына сәйкес және Жалағаш кенті әкіміне кандидат Б.Т.Калияновтың өтініші негізінде Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Жалағаш кенті әкіміне кандидат Б.Т.Калияновтың сенім білдірілген адамдары болып Алғашұлы Орынбасар, Серікқызы Аружан, Оспан Мейрамбек Болатұлы, Ералы Ақтан Аманбайұлы, Абишева Айзат Маратовна, Төлеутай Әбзали Бозжанұлы тіркелсін.
- Сенім білдірген адамға тиісті куәлік берілсін.
- Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК-85
8 сәуір 2026 жыл