2026 жылғы 3 мамырға тағайындалған Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің сайлауында кандидат Тоғызбаев Мардан Марсбекұлының Қазақстан Республикасының заңнамаларында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына, 4-бабының, 36-2 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі №02-10/502 хатының негізінде Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылдық округі әкіміне кандидат Тоғызбаев Мардан Марсбекұлының Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын. 
  2. Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                                         Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                                         Д.Қожақұлова

 

АСК- 76

8 сәуір 2026 жыл

Дата публикации
08 апреля 2026