2026 жылғы 3 мамырға тағайындалған Жалағаш кенті әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жалағаш ауданының Жалағаш кенті әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни кемінде 97 (тоқсан жеті) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

   

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                      Ш.Калыбаев 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                      Д.Қожақұлова

 

  АСК-87

8 сәуір 2026 жыл       

Дата публикации
08 апреля 2026