2026 жылғы 3 мамырға тағайындалған Мақпалкөл ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни кемінде 10 (он) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

  

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                     Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлаукомиссиясының хатшысы                      Д.Қожақұлова

 

 

№АСК-86

8 сәуір 2026 жыл         

 

Дата публикации
08 апреля 2026