Жалағаш ауданының Жалағаш кенті және Мақпалкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде  Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Жалағаш кенті және Мақпалкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 3 мамырға тағайындалсын.
  2. Жалағаш ауданының Жалағаш кенті және Мақпалкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне жариялансын және Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Жалағаш  ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                           Ш. Калыбаев

 

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                          Д. Қожақұлова

 

 

Жалағаш  кенті

25.03.2026 ж.

№АСК-24/170

Календарлық жоспар
Дата публикации
25 марта 2026