Жалағаш ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бағдарламасына қалдықтарды басқарудың бүкіл жүйесін жаңғыртуды талап ететін іс-шаралар жоспары енгізілген. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – қалдықтарды полигонға жинау, уақытша сақтау, тасымалдау операцияларының қоршаған ортаға теріс әсерін азайту, қайталама ресурстарды бөлумен сұрыптау, қалдықтардың пайдалануға жарамсыз бөлігін көмуге орналастыру болып табылады. Сұрыптау кезінде таңдалған қайталама ресурстар (пластик, картон, қағаз, шыны) өндірістік кәсіпорындарға материалдық ресурстар ретінде беріледі.
Қалдықтарды басқару бағдарламасы қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуы туралы жалпы мәліметтерді, Жалағаш ауданының қалдықтарды басқарудың ағымдағы жай-күйін талдауды, коммуналдық қалдықтарды өңдеуді және сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпорындар туралы мәліметтерді қамтиды. Түзілген қалдықтардың сандық сипаттамаларының есебі, қалдықтарды қайта өңдеудің қолданылатын әдістері, қалдықтарды сақтау орындарының санитарлық-қорғау аймағының негіздемесі, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі ұсынымдар, қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары келтірілген.
Осыған орай, «Жалағаш ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын» әзірлеуге аудандық бюджеттен 1,3 млн.теңге бөлінді. 2024 жылдың мамыр айында мүдделі мекемелерден келісім алынып, мәслихатының 2024 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен Жалағаш ауданы бойынша тұрғындарға тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бір тұрғын үшін жайлы және жайлы емес тұрғын үйді ҚҚС-сыз 151,15 теңгені құрады. ҚҚС-сыз 1 текше метрге жылдық тариф 1605,16 теңге.
Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер саны: 277 дана.
Жалағаш ауданы бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау қызметімен оның ішінде Жалағаш кентінде қалдықтарды жинау, тасымалдау қызметімен «Жалағаш қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны тұрғындары қамтылған. Қызмет көрсетуші техникалар саны – 8 дана (3 жүк көлігі, 1 эксковатор погрузчик, 2 трактор, көшеге су себетін арнайы техника-1, Автогидрокөтергіш орнатылған «Газель» автокөлігі-1 дана).
Қалдықтарды басқарудың негізгі компоненттері ақпараттық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқару әдістері болып табылады. 2024-2028 жылдарға арналған қалдықтарды басқару бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу, көлемдерін және қауіпті қасиеттерін азайту қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.