Жалағаш ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жалағаш ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы  мөлшерлемесінің мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

  1. «Жалағаш ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 4-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8434-11 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
28 октября 2025