2025 жылғы 26 қазанда Жалағаш аудандық мәслихатының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде болатын мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиясы мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына ұсынылған 3 кандидатты тіркеді.
Осылайша, мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 3 кандидаттың 1-і саяси партиядан, 2-і өзін-өзі ұсынған. Оның 1-еуі ер адам, 2-еуі әйел адам.
3 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиялардың мүшесі болып табылады.
Орташа жас - 45.
Барлық кандидат жоғары білімді.
Кандидаттардың барлығы мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 25 қазан 00.00 сағатқа дейін созылады.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы