Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдері туралы ережені бекіту туралы

  1. Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі Жалағаш ауданы әкімдігінің «Жалағаш ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

Бұл ретте бөлім қызметкерлерінің штат саны мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5 %-ын құрауға тиіс.

Дата публикации
11 августа 2025