2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Мәдениет ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

                                                                                                                                      

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни кемінде 11 (он бір) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

 

Жалағаш аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                      Ш.Калыбаев

 

Жалағаш аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                       Д.Қожақұлова

 

 

 

 

     АСК-24/151

     6 тамыз 2025 жыл

Дата публикации
06 августа 2025