Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және113–1-бабы 1–тармағының 2) тармақшасының негізінде Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалсын.
  2. Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жариялансын.

 

Жалағаш аудандық  сайлау

комиссиясының төрағасы                                     Ш.Калыбаев

 Жалағаш  аудандық   сайлау

 комиссиясының хатшысы                                    Д.Қожақұлова

 

 

АСК-24/147

23 шілде 2025 жыл

          

Дата публикации
23 июля 2025