АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі  22,75 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға артты.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2025 жылдың 1 сәуіріне - 21,76 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,3%.

Дата публикации
06 мая 2025