«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1), 37-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 7 шілдедегі «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс-беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» №9/416 қаулысын басшылыққа ала отырып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылдық округі әкімінің сайлауында әзірленуге тиіс сайлаушылардың дауыс беруге арналған бюллетендердің саны 2025 жылғы 8 сәуірдегі учаскелік сайлау комиссияларының нақтыланған сайлаушылар тізіміне сәйкес 1 пайыздық резервімен дайындалғанда Аққыр ауылдық округіндегі бюллетень саны 828 (сегіз жүз жиырма сегіз ) дананы құрайтын болып бекітілсін.
- Қаракеткен ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің мәтіні осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Қаракеткен ауылдық округтеріндегі зағип сайлаушылардың дауыс беруге арналған трафаретті әзірлеу Қызылорда қаласы, Шымкент көшесі №14 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда-Қанағаты» жеке кәсіпкеріне тапсырылсын.
- Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас- инспекторы, есепшісі Ғ.Рахметжанов «Қызылорда-Қанағаты» жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасасып, есеп айырысу жүргізетін болсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұловаға жүктелсін.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК-24/109, 8 сәуір 2025 жыл