2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Қаракеткен ауылдық округі әкімінің сайлауындағы дауыс беруге арналған шақыру қағазы туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 1), 3), 8-1) 12) тармақшаларына, 38-бабының 2) тармағына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Қаракеткен ауылдық округәкімінің сайлауында әзірленуге тиіс дауыс беруге шақыру қағазының саны2025 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша сайлаушы азаматтардың бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес Қаракеткен ауылдық округіндегі сайлаушылардың жалпы санының мөлшерінде 820 (сегіз жүз жиырма) дананы құрайтын болып белгіленсін.
  2. Дауыс беруге шақыру қағазының нысаны осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. Дауыс беруге шақыру қағазын әзірлеуҚызылорда қаласы, Шымкент көшесі №14 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда-Қанағаты» жеке кәсіпкеріне тапсырылсын.
  4. Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас- инспекторы, есепшісі Ғ.Рахметжанов «Қызылорда-Қанағаты» жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасасып, есеп айырысу жүргізетін болсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Н. Қожақұловаға жүктелсін.

 

 Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                            Ш.Калыбаев

  Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                           Д.Қожақұлова

 

 АСК-24/108, 8 сәуір 2025 жыл

Дата публикации
15 апреля 2025