№134 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына комиссия мүшелерін уақытша тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12) тармағының төртінші бөлігіне сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.№134 учаскелік сайлау комиссиясына Жаңабай Шолпан Сәрсенбайқызы, Рысбаева Райса Ибрагимқызы 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Қаракеткен ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне уақытша комиссия мүшесі болып тағайындалсын.

 2.Осы қаулы №134 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

 3.Осы қаулының орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев                                                                

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова

 

№АСК-24/107

04.04.2025 жыл

Дата публикации
04 апреля 2025