№134 учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-бабы, 12-тармағының 2, 3 – бөлігіне сәйкес және Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 3 сәуірдегі №АСК-24/105 «Тоқтаров Аділ Тоқтарұлы Қаракеткен ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде тіркеу туралы» қаулысын негізге ала отырып, Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жанабаева Гүлдарай Сарсенбаевна , Қаналиев Нұржан Мақсұтұлы№134 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесінің міндеттерін орындауын 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Қаракеткен ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
  2. Осы қаулы №134 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                               Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                                Д.Қожақұлова

 

№АСК-24/106

04.04.2025 жыл

Дата публикации
04 апреля 2025