«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 3 сәуірдегі хаттамалық шешіміне сәйкес, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлы, Ерсұлтанов Ақтан Еңбекұлы, Тоқтаров Аділ Тоқтарұлы Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелсін.
- Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлына, Ерсұлтанов Ақтан Еңбекұлына, Тоқтаров Аділ Тоқтарұлына Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидаттар куәлігі берілсін.
- Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлы, Ерсұлтанов Ақтан Еңбекұлы, Тоқтаров Аділ Тоқтарұлы Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелгені туралы хабар Жалағаш әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясыныңхатшысы Д.Қожақұлова
№АСК-24/105
3 сәуір 2025 жыл