Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидат Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлының қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мен Жалағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 7 актісін негізге алып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылдық округі әкімінің сайлауында Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидат Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлының Қаракеткен ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидат Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлының қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                     Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                     Д.Қожақұлова

 

АСК-24/104

31 наурыз 2025 жыл

Дата публикации
31 марта 2025