«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мен Жалағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 8 актісін негізге алып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылдық округі әкімінің сайлауында Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидат Ерсұлтанов Ақтан Еңбекұлының Қаракеткен ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
- Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидатЕрсұлтанов Ақтан Еңбекұлының қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
- Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Жалағаш аудандықсайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК-24/103
31 наурыз 2025 жыл