2025 жылдың1 сәуір күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Жалағаш ауданыныңҚаракеткен ауылдық округіәкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды.Оның ішінде өзін өзі ұсыну жолымен 2кандидат, «AMANAT» партиясынан1 кандидат ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылдың6 сәуір күні сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы