2025 жылғы 27 сәуір тағайындалған Қаракеткен ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни кемінде 8 (сегіз ) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

  

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                     Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                       Д.Қожақұлова

  

 АСК-24/ 102, 29 марта 2025 года

Дата публикации
28 марта 2025