Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған сайлауында кандидат Тоқтаров Аділ Тоқтарұлының Қазақстан Республикасының заңнамаларында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына,113-4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы 28 наурыздағы №02-10/488 хаты және Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 наурыздағы хаттамасы негізінде Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылдық округі әкіміне кандидат Тоқтарлв Аділ Тоқтарұлы Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын. 
  2. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                                Ш.Калыбаев 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                                Д.Қожақұлова

 

АСК-24/98

28 наурыз 2025 жыл

Дата публикации
28 марта 2025