«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және113–1-бабы 1–тармағының 2) тармақшасының негізінде Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы27 сәуірге тағайындалсын.
- Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жариялансын.
Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясының Д.Қожақұлова