Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 16 наурыздағы Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы хаттамаларының негізінде Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округінің әкімі болып сайланған Б.С.Шынжыровқа және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған кандидаттарға Изтелеуова Маржан Ардабековна, Қалдыбекова Самал Нағашыбекқызына сайлау жарнасы қайтарылсын (№1-қосымша).
2.Осы қаулының орындалуы келісім бойынша Жалағаш ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас инспектор – есепшісі Ғ.Рахметжановқа жүктелсін.
3.Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын және Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова