АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері 4,52 трлн астам теңгеге (немесе 25%) өсті.