АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ұзақ мерзімді кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік инфляциядан айтарлықтай асып түсіп, одан әрі еселене түсуде

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 966,41% көрсетті. Ал осы бүкіл кезеңдегі инфляция 837,99 % тең.  

Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған абзал. Қысқа мерзімді (апталық, айлық және т.б.) деректер көрсеткіш бола алмайды. Өйткені олар нарықтық жағдайдың үнемі ұшырайтын өзгерісіне тәуелді. 12 айдағы инвестициялық қызметке жасалған талдау бұл деректің растамасы: 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) басқаратын, міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған және соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 15,66%, бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 8,90% болды.

Дата публикации
04 марта 2025