АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігі жоғары деңгейде

БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде.  2025 жылдың қаңтар айында халыққа шамамен 10,6 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 2,3 млн астамы электрондық форматта, 8,1 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 99,1% тең болды. Күндізгі форматта шамамен 98,0 мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 95,4 мың қызмет жүзеге асырылған.

Дата публикации
04 марта 2025