Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын бөлігін алу бойынша төмен пайызбен делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар таратылуда. Сондай-ақ, "делдалдар" БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарын алу бойынша жақын арада өзгерістер күтілетіні туралы хабарлайды. БЖЗҚ мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын тағы да қатаң түрде ескертеді.