Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидат Қалдыбекова Самал Нағашыбекқызын қолдаған сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мен Жалағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 6 актісін негізге алып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкімінің сайлауында Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидат Қалдыбекова Самал Нағашыбекқызын Аққыр ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидат Қалдыбекова Самал Нағашыбекқызын қолдаған сайлаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 ақпандағы хаттамасы тіркеу үшін үшін негізге алынсын.
  3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                      Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                     Д.Қожақұлова

 

АСК-24/83

19 ақпан 2025 жыл

Дата публикации
19 февраля 2025