«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мен Жалағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 4 актісін негізге алып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидат Шынжыров Бауыржан Серікұлын қолдаған сайлаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 ақпандағы хаттамасы тіркеу үшін негіз ретінде қабылдансын.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК-24/81
19 ақпан 2025 жыл