2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған Аққыр ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни кемінде 6 (алты ) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                              Ш.Калыбаев 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                              Д.Қожақұлова

 

 АСК-24/ 80

19 ақпан 2025 жыл

Дата публикации
19 февраля 2025