Аққыр  ауылдық округі әкімінің сайлауында  Айлауова Эльмира Куанышхановнаның кандидатурасын алып тастау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-6 бабына және Айлауова Эльмира Куанышхановнаның 2025  жылғы  19 ақпандағы жазбаша өтінішіне сәйкес  Жалағаш  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидаттар тізімінен Айлауова Эльмира Куанышхановнаның кандидатурасы алынып тасталсын.
  2. Э. Айлауованың Аққыр ауылдық округі әкімінің сайлауында ұсынған құжаттары қараусыз қалдырылсын.
  3. Осы қаулы Э.Қ.Айлауоваға таныстырылсын және Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы  Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы  Д.Қожақұлова

 

 

АСК-24/79

19 ақпан 2025 жыл

Дата публикации
19 февраля 2025