Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған сайлауында кандидат Айлауова Эльмира Куанышхановнаның Қазақстан Республикасының заңнамаларынмен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына,113-4-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы 18 ақпандағы №02-10/274  хатының және Жалағаш  ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 18 ақпандағы  хаттамасы негізінде Жалағаш  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидат Айлауова Эльмира Куанышхановна Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын. 
  2. Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                                Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                                Д.Қожақұлова

 

 

АСК-24/73

18 ақпан 2025 жыл

 

 

Дата публикации
18 февраля 2025