Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған сайлауында кандидат Айтжанова Жұлдызай Бердібекқызының Қазақстан Республикасының заңнамаларында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының 2025 жылғы 17 ақпандағы №02-10/263 хаты және Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 17 ақпандағы хаттамасы негізінде Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидат Айтжанова Жұлдызай Бердікқызы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп анықталсын.
  2. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы                           Ш.Калыбаев  

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы                           Д.Қожақұлова 

 

АСК-24/71

17 ақпан 2025 жыл

Дата публикации
17 февраля 2025