Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 16 ақпандағы Жалағаш ауданының Еңбек ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы хаттамаларының негізінде Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі болып сайланған Б.М.Балхановқа және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған кандидат Ж.Ж.Жумагуловаға сайлау жарнасы қайтарылсын (№1-қосымша).
2.Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округі әкімі сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың бес пайызынан төмен жинаған кандидат Ш.Ж.Теміржанның енгізген сайлау жарнасы жергілікті бюджеттің кірісіне айналдырылсын (№2-қосымша).
3.Осы қаулының орындалуы келісім бойынша Жалағаш ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас инспектор – есепшісі Ғ.Рахметжановқа жүктелсін.
4.Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын және Еңбек ауылдық округі әкіміне кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Жалағаш ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК/24/66
17.02.2025 жыл